Басып шығару

«Ұстаз – ұлы тұлға»

       2016 жылдың 12 қазанында «Қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасының  5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығындағы  С.Әбілқасова тәлімгерлік ететін ФИ-16-1к1 тобы  студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты өтті.  Ашық тәрбие сағатына факультет  деканы  Б.М. Тілеубердиев, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Тәрбие сағаты барасында  топ студенттері білім беру жолында  еңбек етіп жүрген аяулы ұстаздарына арнау айтып,  мәдени іс-шараларымен өнер көрсетіп, мерекелерімен құттықтады. Кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы тарапынан құттықтау сөздер мен алғыс білдірді.


powered by social2s