Басып шығару

Француз тағамдарының байқауы

       «Франкофониялық көктем» мерекесі аясында Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің қолдауымен Шымкенттегі Француз альянсы 25 наурыз күні француз тағамдарының байқауын өткізді. Оған университетіміздің филология факультетінің «Заманауи тілдер және аударма ісі» кафедрасының студенттері, «Мирас» университеті, №20 гимназия ооқушылары, Шымкент қаласындағы Француз альянсының студенттері, сонымен қатар француз тілін сүйер қаламыздың қауымы қатысты.

       Жарыс қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны – Арбатта орналасқан 19.06. дәмханада өтті.

Image
Image

      Байқауға дәмхананың бас аспазшысы Фаритов Айбек, менеджері Бұхарбаева Ақтолқын және бұрын Францияда, қазір Швейцарияда тұратын француз, таңғажайып өмірбаяны бар тұлға, инженер, кәсіпкер, саяхатшы, зерттеуші және тәжірибесі мол Ким Хоанг кірген өкілді қазылар алқасы бағалады. Бір сөзбен айтқанда, бұл жарысқа қатысып, жеңіске жету оңай шаруа емес еді. Марапаттар үш номинация бойынша берілді: entrée (салаттар, тiске басарлар), plats (ыстық тағамдар), десерттер (десерт).

      Біздің студенттер үш номинация бойынша да үздік деп танылғанын атап өтуге болады: Андаркулова Ақмаржан, Шакарова Озода (ФИ-19 3 р2 тобы) «Lyonnaise» салаты, Алдияр Лейла (гр ФИ-20 7р) «Éclair» торттары және Жолдыбай Жанар (гр ФИ-19 3к4) «Ratatouille» тағамы үшін.

     Сайыс соңында қазылар алқасы барлығын белсенді қатысқандары үшін жылы лебіздерін білдірді. Байқау барлық қатысушылардың француз тағамдарынан дәм татуымен аяқталды.

Ералиева З.Ж., «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының аға  оқытушысы

Image
Image

powered by social2s