Басып шығару

Әлемдік білім алу көкжиегі

Жоғары білім берудің Еуро­палық кеңістігін құраушы дамы­ған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы – Болон дек­ла­рация­сының қағидаларын басшы­лық­қа алу болып табылады. Бұл қағидаларға сәйкес білім алушылардың акаде­миялық ұт­қыр­лығын қалыптас­тыруға қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орында­рында білім алушылардың акаде­миялық ұтқырлығын жүзеге асы­руға ерекше ден қойып отыр. Осындай бағдарлама бойынша М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы  мен әдістемесі»  кафедрасынан дәйекті мысалдар келтіруімізге болады.  Айталық: ФИ  11-9р, ФИ 11-10р топтарындағы Пралиева Гүлтұрсын, Алимжанова Манзура   Испаниядағы Мадрид қаласының Алькала де - Энарес университетінде білім алып келді. Ендігі мақтанышымыз ФИ 13-10р тобының студенті Пачаджи Викторияда  Испанияның Бельбао қаласындағы Деусто университетіне академиялық ұтқырлықпен білім алуда. Пачаджи Викторияның әлемдік білім алу кеңістігіне шығу сапары бәрімізді қуантуда. Тағылымы мол европалық білімнен зияткерлік әлеуетін дамытуда сәттілік тілеймиз!


powered by social2s