Басып шығару

«Наурыз – қазақша жыл басы» ашық сабағы

 

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Құдайбергенова наурыз айының 15 жұлдызы күні сағат 16:10 де ЕП-15-5к1 тобының студенттерімен «Traditions in Kazakstan. Revision» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра меңгерушісі және тәжірибелі оқытушылар қатысты. Ашық сабақ наурыз мейрамына арналды. «Наурыз – қазақша жыл басы. «Наурыз-қазақтардың ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Наурыздың  22-сі куні күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі». Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. ЕП-15-5к1 тобының құрамында өзбек, тәжік, түркмен және қазақ ұлтының өкілдері оқиды. Әр студент өз ұлттық тағамдарын дайындап, оның мәзірін топ алдында ағылшын тілінде түсіндді.


powered by social2s