Басып шығару

Республикалық олимпиада – 2016

15-16 сәуір 2016 жылы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде шетел тілдері мамандықтар тобы бойынша болып өткен Республикалық студенттер олимпиадасына Қазақстанның 21 ЖОО-нан 300ден аса студент, соның ішінде университетіміздің «ағылшын тіл білімі» кафедрасынан 6 студенті қатыстырылып, жүлделі орындарға ие болды. Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің ректоры, олимпиада төрағасы Құнанбаева С.С. Шетел тілдері мамандықтары бойынша Республикалық олимпиадаға белсенді қатысқаны және ҚР-да тілдердің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін университет ұжымын алғыс хатпен марапаттады. ФИ – 13-3к1 тобының студенті Тастанбек Серікболсын ІІІ-орынды иеленсе, Қадырова Ару, Жүнісова Асем, Кенжебаева Анель сынды студенттеріміз алғыс хатпен марапатталды.


powered by social2s