Басып шығару

Сайыс

«Мектепке  дейінгі  және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

5В010100 – «Мектепке деінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2019 жылдың 18-19 сәуір күндері Өскемен қаласындағы  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтті. Қазақстанның 19 ЖОО-нан 19 команда қатысқан сайысқа «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы дайындаған «Aіshyaq» командасы өздерінің сапалы білімдерімен, шығармашылығымен танылып, жүлделі 1-орынға ие болды.

Команданы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

 

 


powered by social2s