Басып шығару

Жаңа тыныс

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

         2019 жылы 09 қараша айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің 1 курс студенттері  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, «AYU DEBATE CLUB» және «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен өткен жас буындарға арналған «ЖАҢА ТЫНЫС» облыстық пікір-сайыс турниріне қатысып, ұшқыр ойы мен асқан біліктілігінің арқасында өзінің үздік пікір-сайысшы екенін көрсеткені үшін ФИ-19-1к2 тобынынан Байжігіт Арман және Сейдуалы Ақниет III дәрежелі дипломмен, Құдайберген Ұлжалғас «Үздік Талпыныс» номинациясымен  марапатталды.


powered by social2s