Басып шығару

«Der Mensch und Umwelt» тақырыбындағы ашық сабақ

«Der Mensch und Umwelt» тақырыбындағы ашық сабақ

 

21.11.2013 ж. 16.10-да  420 аудиторияда«Ағылшын тіл білімі»кафедрасының аға оқытушысы  Э.Э.Халмирзаевтың ашық сабағы өтті. Пәні:«Екінші шет тілінің практикалық курсы» ФИ-17-3k3 тобы,тақырыбы: «Der Mensch und Umwelt». Сабақ «пресс-конференция» түрінде өтті. Өз бетінше алған білімді қолдануда шығармашылық, кәсіби қарым-қатынасты, танымдық уәжді дамыту мақсатында студенттерге тақырып туралы ақпарат беріліп, әдебиеттер тізімі беріліп, қажетті материалды зерделеп, ойлану және мүмкін сұрақтарды дайындау ұсынылды.  Сұрақтар жиналды, тексерілді, талқыланды және топтастырылды, қажет болған жағдайда толықтырылды. Оқытушы әр оқушының жауаптары мен қатысуын бағалады. Бұл форма студенттерге қызықты болды, сабақ жоғары деңгейде өтті.


powered by social2s