Басып шығару

«Ашық есік» күні

23қаңтар 2020 жыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің кәсіби бағдар бойынша Шымкент қаласының мектеп бітірушілеріне арналған«Ашық есік» күні

   23қаңтар 2020 жыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің акт залында Шымкент қаласының мектептерімен, колледждері  бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.Іс - шараны филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы,профессор Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы жүргізді.

«Ашық есік» күніне № 6,8,32,37,47,50,61,70,78,79,86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері сынып ,топ жетекшілерімен келді.

Кеш қонақтары Калифорния университетінің оқытушысы (АҚШ) Ави Тэффер,Урумчи экономикалық университетінің оқытушысы, магистр (Қытай)Луань Син Жунь, Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушысы,ОҚМУ-нің докторанты Махмудов Гаухарбек Равшанбекович бітірушілерге қызықты сұхбаттарын берді.

 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Кеш барысында Университетіміздің тарихы, мамандықтары туралы видеороликтер көрсетілді.

Мамандықтар туралы кітапшалар,үлестірмелі парақшалар тарқатылды.Іс-шара соңында мектеп бітірушілерге экскурсия ұйымдастырылды.


powered by social2s