Басып шығару

Журналистика және қазақ тілі кафедрасының жетістіктері

ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ.  

Түркістан қаласында Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай республикалық эссе байқауы өтті. Түркістан облысы мәдениет басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Шерхан әлемі" атты республикалық эссе байқауына еліміздің әр өңірінен 60-тан аса студент қатысты. Байқау нәтижесі бойынша Филология факультеті журналистика мамандығының 3 курс студенті Самидин Аружан жүлделі III орынмен марапатталды. Жетекшісі: Журналистика және қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Турабаева Лаззат Калыкуловна.
Кәсіби бағдар жұмыстары

powered by social2s