2016 жылы 14 сәуір күні Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Орыс тілі және мәдениеті орталығымен бірлесе отырып, «Үздік лингвист-2016» ІІІ Республикалық зияткерлік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің лингвистика саласына деген қызығушылығын арттыру, лингвистика бойынша білімін тексеру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Олимпиадаға 3-курс студенттері Тыныштық А., Абдімаулан А., Мұсақал С. үш адамнан тұратын топ құрады. Топ жетекшісі болып кафедраның аға оқытушысы Шалданбаева Ж.Б. қатысты.