Заманауи тілдер және аударматану


   Кафедра меңгерушісі

  Карбозова Гульнара Күмисбековна

  Филология ғылымдарының кандидаты,  доцент

 

 

Мекен -  жай:   Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Т. Тәжібаев көшесі, 2, №8 ғимарат, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті, «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы.

Телефон:  8 (7252) 36-71-93

►Профессор-оқытушылар құрамы

Элективті пәндер каталогы 2019-2020 оқу жылы

Элективті пәндер каталогы 2020-2021 оқу жылы

Элективті пәндер каталогы 2021-2022 оқу жылы

►Білім беру бағдарламасы 6B02330 – «Шетел филологиясы» 

►Білім беру бағдарламасы 6B01730 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» 

►Білім беру бағдарламасы 6B02320 – «Аударма ісі»

►Білім беру бағдарламасы 7М023300 – «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация»

План корректир действий ИФ

План корректир действий ПД

 

Жалпы мәлімет, кафедра тарихы

1999 жылы  ағылшын филологиясы кафедрасының  орнына  «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының негізі қаланды. 1999 жылы мен 2012 жылы аралығында Абылай хан атындағы оқу әдістеме орталығының мүшесі, ҚР оқу ісінің үздігі, аға оқытушы Г.А. Телғазиева кафедра меңгерушісі болды. Германия және Испания білім беру орталығымен Қазақстандағы АҚШ-тың  бейбітшілік корпусымен  Г. Телғазиеваның басшылығымен тығыз байланыста болды.

2012 жылдан бастап кафедраны салыстырмалы-тарихи тіл білімі саласының маманы – ф.ғ.к., доцент Г.К. Карбозова басқарады. 2010 жылы Кембридж университетінің RCEAL  ғылыми орталығында (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми іс-тәжірибеден өткен.

Осы уақытқа дейін 10000-нан аса түлектер «Шет тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» мамандығының бакалавры дәрежесіне ие болып еліміздің барлық аймақтарында білім ордаларында, ірі өндіріс компанияларында еңбек етуде.

 

«Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра келесі мамандарды дайындайды:

6B01730 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 4 жыл

6B02320 – «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 4 жыл

6B02330 – «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 4 жыл

7М023300 – «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» Білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 2 жыл

«Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының 2019-2020 оқу жылына арналған студенттер туралы мәлімет

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедраның мемелкеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыбы «Innovative potential of using active and interactive methods of teaching students’ creativity development in the context of quality management system of foreign language teachers training».

Білім беру мен ғылымды интеграциялау мақсатында 2018-2020 жылдарға ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру аясында AP05132482 «Үштілдік білім беру аясында шет тілін оқытуда студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектерінің нәтижелері Отандық, алыс-жақын шетелдік ғылыми баспалармен қатар Скопус базасына енетін журналдарда жариялануда.

Кафедраның оқытушылары ҚР және жақын шетел (Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б.) мемлекеттеріндегі өткізілетін халықаралық конференцияларында белсенді қатысады. Қазақстан мен Ресейдің және  Испания, Польша, Латвия, Қытай мемлекеттерінің  іргелі оқу орындарымен ынтымақтастықта оқу-ғылыми жұмыстарды жүргізуде.  Болашақ бағдарламасының стипендиясының иегері ретінде кафедра оқытушылары Ұлыбритания, Швейцария мемлекеттерінде біліктілігін жоғарылатып отырады және Өрлеу орталығында алған тәжірибелерін оқу үрдісінде ұтымды пайдаланады.

Кафедрада студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары  «Жас ғалым», «Academic writing», «Art of debating», «Wir sprechen Deutsch», «Han hue jia», «» сынды  үйірмелерден бастау алып ғылыми жұмыстар мен олимпиада жеңістеріне ұласып жатады. Студенттердің  ғылыми жұмыстары мемлекеттік бюджет тақырып пен шет тілін оқытудың заманауи технологиясы, тіл білімі, салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы типология саласымен ұласып жатады.

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Тәрбиелік іс- шаралар  Азаматтық патриоттық және құқықтық,  рухани адамгершілік, кәсіби және еңбек бағытында тәрбие  және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.

 

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Тәрбиелік іс- шаралар  Азаматтық патриоттық және құқықтық ,  рухани адамгершілік кәсіби және еңбек бағытында тәрбие  және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

Кафедра студенттері түрлі іс-шаралар барысында

Іс-тәжірибе салалары

Студенттердің іс-тәжірибесі, оқу және диплом алды тәжірибесі Шымкент қаласындағы лицей-гимназияларда  және аударма бюролары мен фирмаларда өтеді. Кафедраның көптеген бітірүшілері осы мекемелерде өз қызметтерін көрсетеді.

          

 

Кафедра студенттері іс-тәжірибе барысында

Халықаралық байланыстары

Кафедра Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және Британдық Кеңеспен (Ұлыбритания) тығыз байланыста . Сондай-ақ  кафедра оқытушылары Болашақ бағдарламасы бойынша шет елдерде Швейцария, Ұлыбританияның іргелі университеттерінде  кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

    

Кафедрада профессор-оқытушылар ұтқырлығы жүйелі түрде орындалуда. 2016-2017 оқу жылында Калифорния университетінің профессоры, PhD Нэйсон Карр Фулбрайт бағдарламасы аясында кәсіби пәндерден, Пиза университетінің (Италия) профессоры Мирко Тавозанис ағылшын әдебиеті курсынан дәріс оқыды. Эрасмус + К107 бағдарламасы бойынша кафедра меңгерушісі Карбозова Г.К. Кадис (Испания) университетінде 2016 жылы дәріс оқыды.

Қазіргі таңда Синцзян қаржы және экономика университетінің магистрі Луань Синьжун қытай тілінен,  АҚШ елшілігінің “English Fellow” бағдарламасы аясында магистр Ави Тепфер ағылшын тілінен сабақ жүргізеді.

Кафедра оқытушылары проф. Нэйсон Карр және Бейсембаева А.Д. Назарбаев интеллектуалды мектебінде

       

Магистр Луань Синьжун өз студенттерін қытай көркем жазуына баулуда

Магистр Ави Тепфер студенттерімен практикалық сабақ барысында

1999 жылы Түркияның 21 азаматтары біздің университеттің шетел тілдері мұғалімі мамандығы бойынша дипломдарын алып шықты. Олардың көпшілігіне Қазақстан екінші Отан болып қалды және біздің жоғарғы оқу орнымызда алған білімдерінің арқасында кейбір азаматтар АҚШ-та магистратурада оқуларын жалғастыруда. Қазіргі уақытта да Қытай,  Пакистан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан азаматтары біздің студенттеріміз болып табылады.

Сонымен қатар кафедра студенттері  университетіміздің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испания, Латвия, Польша, АҚШ және т.б елдердің алдыңғы қатарлы университеттерінде  оқуларын шетелде жалғастырады.

    

    

Кафедра студенттерінің сыртқы академиялық ұтқырлығы

Оқыту жаңа технологияларын қолдану арқылы халықаралық стандарт және ағылшын, неміс/испан тілдеріне активтік және интерактивтік әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жүргізіледі. Германия, Испания, Ұлыбритания профессорлары мен оқытушылары студенттердің тілдік компетенциясын арттыру мақсатында университеттің арнайы шақырумен кафедрада жұмыс істейді.

       

Соңғы бірнеше жыл аралығында біздің студенттеріміз Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары арасында өтетін облыстық «Полиглот» конкурсына белсенді түрде қатысып, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен білімділіктері үшін сыйлы орындарға ие болды.

Республикалық “Spelling Bee” сайысының жеңімпазы Тастанбек Серікболсын

 

 "Spelling bee"

Талапкерге анықтама

6B01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі

Бітіруші білімді (педагогикалық), экспериментті-зерттеушілік, ұйымды-әкімшілік, қоғамдық-педагогикалық, оқу-тәрбиелік, оқу-технологиялық іс-әрекеттерге дайын болуға тиісті.

Халықаралық-стандарттық талаптарға сай білім бакалавры фундаментальды және мамандандырылған дайындықтың жоғарғы деңгейін игеруі және шеттілдік қарым-қатынасқа халықаралық деңгейде қабілетті және дайын болуы керек.

Білім беру бағдарламасының аймағы. Бакалавр өзінің мамандандырылған іс-әрекетін шеттілдік білім аймағында, шетел тілінің құралдарымен жеке тұлғаның дамуы қамтамасыз етілетін жерлерде іске асырады. Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың мамандық іс-әрекетінің обьектілері болып үзіліссіз және жалғасқан шеттілдік оқу орындары саналады:

  • бастауыш, негізгі және профильді мектеп;
  • арнайы мектеп;
  • орта техникалық және мамандандырылған білім орны;

Аталған Білім беру бағдарламасының бакалаврының мамандық іс-әрекетінің пәндері болып табылады:

  • базалық негізгі шетел тілі бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • арнайы мақсатқа бағытталған тіл бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • академиялық мақсатқа бағытталған тіл бойынша оқу процессін ұйымдастыру;
  • екінші шетел тілі бойынша оқу процессін ұйымдастыру.

6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің аймағы. 6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының бітіруші бакалавры келесі аймақтарда жұмыс істеуге дайындалады: мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас; әкімшілік-басқару аймағы; халықаралық қатынас аймағы; өнім ісі; баспасөз ақпарат құралдары; ақпараттық-идеологиялық аймақ; ақпараттық - аналитикалық аймақ; білім және ғылым аймағы; қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік; және тағы да басқа аймақтарда.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітірушілердің Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері болып мыналар саналады: мәдениет саласы, халықаралық ұйымдар, ақпараттық-идеологиялық қызметтер, түрлі ақпараттық - аналитикалық қызметтер, өкілеттілік және әкімшілік, министрлік, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мекемелері және ұйымдары, туризм бойынша агенства, өнім шығару, аударма ісі бойынша бюро.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің пәндері алынған фундаментальды және мамандандырылған дайындықпен сәйкес келуімен байланысты келесілер болып табылады: жазбаша және ауызша аударма және ақпараттарды референттеу, әртүрлі жанрлы мәтіндер, соның ішінде, көркем мәтіндер, аудармаға кіріспенің теориялық сұрақтары, филология, іскерлік корреспонденцияның құрылуы, кеңес – білім жұмыстары, аударма облысындағы инновациялық технологиялар.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің түрлері. 6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының бакалавры мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады: аударма (әртүрлі жанрлы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, сөйлесулердің, халықаралық кездесулердің және конференциялардың ауызша аудармалары); ұйымдық, шығару-басқарушылық, шығармашылық (шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне әдеби шығармалардың көркем аудармасы), ақпараттық – аналитикалық, өнімдік, ғылыми-зерттеушілік, БАҚ-тағы іс-әрекет.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің функциялары. 6В02320 «Аударма ісі» мамандығының бітірушісі функциональдық міндеттемелерді орындауға дайын болуы керек: тіларалық қарым-қатынаста көмек көрсету, жазбаша және ауызша аудармаларды жүзеге асыру, шеттілдік мәтіндерді құрастыру және референттеу және тағы басқалары.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің бағыттары. Қазақстан Республикасының жоғарғы мамандандырылған білімді аударма ісі 2004 жылы Индустрия және Сауда Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының Классификаторына сәйкес келеді.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің мазмұны. Аудармашы-референт республиканың басқа мемлекеттермен ішкі саяси, ішкі экононмикалық, ғылыми-мәдениет байланыстарын іске асыратын мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударумен қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі экононмикалық аймақтарда мамандандырылған жазбаша аударманы жүзеге асыруға тиісті. Гид-референт халықаралық туризм жүйесінде ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыруы қажет. Аудармашы-лингвист екі жақты ауызша жіне жазбаша аударманы, көркем және техникалық аударманы, агенствалардағы, ақпараттық-идеологиялық, ақпараттық - аналитикалық қызметтердегі әртүрлі жанрлы шеттілдік мәтіндерді, қысқарту мен жөндеуді, лингвистік-аудармашылық білім бойынша сұрақтарға кеңес беруді жүзеге асыруы керек. Аудармашы-синхронист халықаралық конференция кезіндегі ресми сөйлеулерді аударуды жүзеге асыруға міндетті. Көркем аударма бойынша аудармашы көркем аударма аймағындағы тәжірибелік іс-әрекетті жүзеге асыруға тиісті.

6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің аймағы. Бакалавр-филолог өзінің мамандандырылған іс-әрекетін келесі бағытта жүзеге асырады: филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде жұмыс атқара алады. Бакалавр-филолог сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда да қызмет атқара алады.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың Білім беру бағдарламасының қ іс-әрекетінің обьектілері болып келесілер саналады:

  • гуманитарлық бағыттағы орташа профильді (гимназиялар, лицейлер), орта мамандандырылған (училище) және орта білімнен кейін мамандандырылған (колледждер) оқу орындары;
  • аудармашыларды қажет ететін орындар;
  • газет, журналдар редакциясы, радио және телекөрсетілім, басылым;
  • профильді ғылыми орындар, кітапханалар;
  • мамандықтың профилімен сәйкескелетін басқа да обьектілер.

6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасын бітірушілердің мамандық іс-әрекетінің пәндері:

Орта дәрежедегі оқу орындарында (оның ішінде арнайы оқу орындары да) шет тілін (практика және теория) және оқытылатын тіл елдерінің әдебиетін оқыту, ғылыми-зерттеу және жоғарғы оқу орындарына ғылыми тақырыптарды нұсқау, газет, журналдар редакцияларындағы, радио және телекөрсетілімдегі, басылымдағы және басқа да қызығушылық танытқан орындардағы әдеби жұмыскердің немесе аудармашының міндеттерін орындау.

Мамандық іс-әрекетінің түрлері. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасын бітірушілер мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады:

  • білімділік (пелагогикалық);
  • ұйымдастырушылық-әкімшілік;
  • ғылыми-зерттеушілік;
  • шетел тілдерін практикалық меңгеру негізіне фундаментальды лингвистикалық және әдебиеттану білімдерін қабылдауды талап ететін мамандандырылған іс-әрекеттің басқа да түрлері.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің функциялары. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының бакалаврлары филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде, сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда қызмет атқаруға дайындалады.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің типтік тапсырмалары. 6В02330 «Шетел филологиясы»  Білім беру бағдарламасының бакалавры шет тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті лингвистік-дидактикалық мәселелерін шешуге, шет тілі және әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлауға, әдістемелік тапсырмаларды шығармашылық шешуге, инновациялық технологияларды оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері ретінде қабылдауға, әдебиет және тіл білімі саласында филологиялық зерттеу жүргізуге дайын болуы қажет.

Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің бағыттары. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының мамандандырылған іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мыналар: ведомтвалық бағынушылықтарынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және оқытудың формаларынан тәуелсіз гуманитарлық бағыттағы орташа профильді, мамандандырылған және орта білімнен кейін мамандандырылған оқу орындарындағы оқу-педагогикалық жұмыстар. Филология бакалавры сонымен қатар ғылыми орындарда филолог-зерттеуші ретінде қызмет атқара алады, мәдениет орындарындағы филология облысындағы білім мен қабілетті қолданумен байланысты практикалық іс-әрекеттерді іске асыра алады және БАҚ пен қоғамдық-гуманитарлық іс-әрекеттердің басқа да облыстарында жұмыс істей алады.

 


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.