Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі

 

 

 

  Кафедра меңгерушісі

  Суюбердиева Айман Әбдіразаққызы

  Педагогика ғылымдарының кандидаты,

   аға оқытушы 

Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қаласы, 160000 Т. Тәжібаев көшесі 2 (№8 оқу ғимараты)

М. Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті

«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы 

Телефон: 8 (7252) 36-71-19

E-mail: Кафедра бойынша жауапты модератор: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер:

«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми кеңесінің №3/359 13.08.2001ж. шешімі негізінде құрылған. Кафедра педагогикалық және гуманитарлық мамандықтағы  күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрі студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінің практикалық курсын оқытуды қамтамасыз етеді.

2001-2012 ж.ж.п.ғ.к.,аға оқытушы Елчиева С.Н. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2012-2013 ж.ж.ф.ғ.к., доцент Шойманова М.Б. кафедра меңгерушісі болып 1 жыл басқарды.

2013-2015ж.ж. aралығында кафедраны ф.ғ.к., доцент Шохахов Ибадулла Саргулақұлы басқарды.

2016-2017ж.ж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Емкулова З.А. басқарды.

2017 ж. бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., аға оқытушы Суюбердиева А.А. басқарып келеді.

Шетел тілін үйренудің негізі мектеп қабырғасында қаланса, университетте болашақ мамандарға шетел тілінен кәсіптік бағдар беріледі. Осыдан келіп оқытылатын тілдік материалдарды іріктеу және оның негізгі білім беру кешенін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы жағдайға байланысты туындайтын шетел тілін білудің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы және коммуникативтік біліктілікті арттыруға қажетті тілдік формаларды білуге, іскерлік, танымдық тұрғыда қарауға негізделген. Кафедрада жыл сайын гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған ғылыми конференциялар өтеді. Кафедра оқытушылары университет студенттері үшін шетел оқу залдарымен бірлесіп «Discussion hour» және «Lingua» үйірмесін жүргізеді. Бұл шетел тілін меңгеруді мақсат еткен студенттерге көп пайдасын тигізуде.

Профессор-оқытушылар құрамы:

Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы – 26

Ғылым кандидаты – 4,

Магистр – 19,

Аға оқытушы – 12,

Оқытушы – 15 жұмыс атқаруда.

 

Барлық кафедра профессор-оқытушылар құрамы сабақтарын екі тілде өткізеді, барлық оқытушылардың базалық білімі бар.

Кафедра ұжымы шетелдің жоғары оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасып, халықаралық «Болашақ», DAAD, UGRAD, ACCELS, MUSKIE, JFDP, FULLBRIGHT бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің RCEAL орталығында ғылыми тағылымдамадан өтіп, «British Council» орталығымен ұйымдастырылатын семинарларға белсенді қатысады.

Сондай-ақ кафедра ұжымы халықаралық Macmillan оқу-әдістемелік орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Соңғы үш жылда біліктілікті жоғарылату курсынан өткен оқытушылар саны – 17.

Кафедра оқытушылары ҚРБҒМ жарияланған конкурсына "Тілдік емес топтарда шетел тілін оқытуда студенттердің танымдық біліктілігін арттырудың педагогикалық шарттары" тақырыбында ғылыми жобаны ұсынды. Кафедра ПОҚ жыл сайын республикалық, алыс-жақын шет елдерде өтетін түрлі халықаралық ғылыми конферецияларға белсенді қатысып тұрады.

 


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.