Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Тасполатов Бақыт Тохполатұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Т.Тәжібаев көшесі, 2  (№8 ғимарат), М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология   факультеті,  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасы.

Телефон: 8(7252) 36-71-87

Модератор: nesibeli.boshan@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Білім беру бағдарламасы 6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

►Білім беру бағдарламасы 6В02331 «Шетел филологисы: өзбек тілі»

►Білім беру бағдарламасы 7M02310 «Филология: қазақ тілі»

►Білім беру бағдарламасы 8D02310 «Филология: қазақ тілі»

►Элективті пәндер каталогы 6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2019-2020 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02331 «Шетел филологисы: өзбек тілі» 2019-2020 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02310 «Филология: қазақ тілі» 2019-2020 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2020-2021 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02331 «Шетел филологисы: өзбек тілі» 2020-2021 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02310 «Филология: қазақ тілі» 2020-2021 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02331 «Шетел филологисы: өзбек тілі»2021-2022 о.ж.

►Элективті пәндер каталогы 6В02310 «Филология: қазақ тілі» 2021-2022 о.ж.

Түзету әрекеттерінің жоспары(докторантура)

Жалпы мәлімет, кафедра тарихы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың іргелі кафедралар қатарынан орын алған. Кафедраның іргетасы 1996 жылы қаланып, оның тарихы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетімен тығыз байланысты. Кафедра құрамында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығымен қатар өзбек тілі мен әдебиеті, араб тілі болғандықтан кафедра «Шығыс филологиясы және қазақ әдебиеті» деп аталған болатын. Ал 1998 жылы Химия-технология институты мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеттері бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті болып қайта құрылды.  Осы жылдан бастап «Қазақ тіл  білімі» және «Қазақ әдебиеті» кафедралары жеке-жеке кафедра ретінде 2014 жылға дейін жұмыс істеді. 2014 жылы кафедралар жұмысын оңтайландыру мақсатында «Қазақ тіл білімі» мен «Қазақ әдебиеті» кафедралары университетіміздің ректорының бұйрығымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қайта құрылды.

 Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді, олардың  2 филология ғылымдарының докторы, 1 профессор,  8 филология  ғылымдарының кандидаты, 8 аға оқытушы, 1 PhD докторы  және 3 магистр. Олардың арасында ф.ғ.д., профессор С.Р. Боранбаев (2009), ф.ғ.д., профессор Б.М.Тілеубердиев (2012), ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Омаров (2013) және ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым (2015) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері.

Кафедрада белгілі ғалым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының иегері, ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлының ғылыми мектебі қалыптасқан. Бұл ғылыми мектептің өкілдері: А.Қалшабек пен Қ.Оразбаев кафедрамызда табысты қызмет етуде.  

Кафедраны 2020-2021 оқу жылынан бастап ф.ғ.к., доцент Тасполатов Бақыт Тохполатұлы  басқаруда.

Қазіргі таңда кафедра: «МБ ҒЗЖ-21-01-11 Қазіргі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелері» ғылыми бағыты бойынша жұмыс жасауда.

 Бағдарлама

       Кафедра халықаралық стандартқа сай жоғары оқу орны  және жоғары оқу орындарынан кейінгі дайындық бойынша үш деңгейлі маман даярлайды: бакалавриат – магистратура – докторантура.

Қазіргі кезеңде кафедра үш мамандық бойынша мамандар дайындайды:

6В01710  «Қазақ тілі мен әдебиеті»(4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В02310  «Филология: қазақ тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі);

6В02331  «Шетел филологисы: өзбек тілі» (4 жылдық бакалаврдың дәрежесі).      

      Бітіруші түлектерге алынған мамандығы бойынша академиялық дәрежелі филолог бакалавр біліктілігі беріледі.

 Магистратура және докторантура бағыты

 

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 7М02310 – Филология және 8D02310 – Филология мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындайды.  

6D020500 – «Филология» білім беру мамандығына лицензия   2010 жылы берілген.  2011-2017 жылдар аралығында 6D020500 – «Филология» білім беру мамандығы бойынша С. Мейирбеков  білім алды.

                                          

 2017 жылы 6D020500–Филология мамандығына докторантураға Сматова Алия қабылданды. Докторант «Қазақ және ағылшын топонимдерінің лингвоконцептологиялық сипаты» («Лингвоконцептологические аспекты казахской и английской топонимии», «Linguistic-conceptological aspects of Kazakh and English toponymy») тақырыбында диссертациялық жұмыс жазды. Докторанттың ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Б.М.Кафедра шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық байланыс жасауда. Докторанттың шететелдік ғылыми кеңесшісі Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тухлиев Б.

Кафедраның докторанты А.Е. Сматова  шетелдік қонақтармен бірге

                                                 

 2018 жылы  6D020500 – «Филология» мамандығына доктарантураға Кайимов Мухамеджан қабылданды. Докторант «Бұқар жырау шығармашылығы «Рухани жаңғыру» аясында» («Творчество Бухар жырау в контексте «Духовного возрождения» Казахского народа», «Bukhar Zhrau`s composition abaut spiritual revival») тақырыбында диссертациялық жұмыс жазды. Докторанттың ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, прфессор Мырзахметов М.М.

2020 жылы 8D020500 – «Филология» мамандығына доктарантураға 4 докторант түсті. 2021 жылы 8D020500 – «Филология» мамандығына доктарантураға 6 докторант қабылданды.

6D020500 – Филология мамандығына       филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Б.М., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Омаров, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Т.Тасполатов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Әділбекова дәріс жүргізеді.

  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанттары мен магистранттары Мұхтартану ғылыми-зерттеу орталығында

                                          

6D020500 – Филология мамандығы бойынша жасалынған модульдік білім беру бағдарламасы қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелеріне негізделген.  6D020500 – Филология мамандығы бойынша «ХХ ғ. екінші жартысы – ХІХ ғ. аясындағы қазақ философиясының ғылыми басымдықтары», «Лингвистиканың аспектілерімен жаңа басымдықтары», «Ареалды лингвистика», «Танымдық семантика (когнитивтік семантика), «Компаративистик», «Академикалық шешендік», «Ғылыми дискрус теориясы», «Линвистикалық зертеулердің әдіснамасы мен әдістемесі», «Лингвистикалық ізденістердің заманауи үрдістері».

Халықаралық байланыстар

Кафедрада білім беру, тәрбие және ғылыми жұмыстармен қатар халықаралық байланысқа да үлкен мән берілген. Атап айтқанда, Лиссабон техникалық (Португалия), Генрих Гейне (Германия, Дюссельдорф қаласы), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық (Өзбекстан), И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік (Қырғызстан), Томск педагогикалық (Ресей) университеттерімен, Ташкент мемлекеттік шығыстану (Өзбекстан)  институтымен түрлі салаларда  келісім шарттар жасалынып, тығыз қарым-қатынас орнатылған.

                         

Филология  ғылымдарының докторы, профессор Б.М. Тілеубердиев  және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Я.Қ. Мадалиев Өзбекстан ғалымдарымен бірге.

Кафедраның тәрбие жұмыстары

Тәрбиелік іс- шаралар  Азаматтық патриоттық және құқықтық,  рухани адамгершілік, кәсіби және еңбек бағытында тәрбие  және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.

                                             

 Тәрбиелік іс- шаралар барысы

 Сондай-ақ, кафедра жанынынан құрылған «Сырлы сөз», «Тіл тағылымы» үйірмелері жұмыс жасайды.  Әдеби үйірменің мүшелері көптеген  ақын-жазушылардың  шығармашылық кешін  өткізуге  ұйытқы болуда. Талантты,  поэзияға құштар студенттердің  шығармашылығы  үнемі газет беттерінде  жариялануда.

«Сырлы сөз» әдеби үйірмесіне ф.ғ.к., аға оқытушы  Р.Тұрдалиева, «Тіл тағылымы» үйірмесіне ф.ғ.к., аға оқытушы  Л.Жолдасбек жетекшілік етеді.

                 

Кафедра студенттері түрлі іс-шаралар барысында        

Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесі

       Біздің студенттер  қаладағы озық мектептер мен ондағы тәжірибелі мұғалімдерден  іс-тәжірибеден өтеді. Студенттер пән мұғалімдерінің келісімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің күнтізбелік жоспарымен, мектеп кітапханасындағы оқулықтар қорымен танысады. Студент-практиканттар  тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына да қатысып, нәтижесін талқылап, арнайы талдау дәптерлерінде көрсетіп отырды. Іс-тәжірибе барысында әдіскер-оқытушылар мен мектептің тәжірибелі мұғалімдері тарапынан күнделікті жазылатын сабақ жоспарлары, дайындалған көрнекі құралдары, интерактивті тақтаны пайдалану деңгейі, сабақ барысы, жетістігі мен кемшіліктері жайлы жан-жақты талқылау өткізіліп, кеңестер берілді.

Практика базалары: Шымкент қ., А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясы, Фуркат атындағы №37 жалпы орта мектебі, Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі, А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейі.

  

Студент-практиканттарымыз іс-тәжірибе барысында

Біздің бітіруші түлектеріміз

Біздің дайындаған мамандар өзінің кәсіби қызмет аясында облыстық және республикалық ғылыми және ғылыми-педагогикалық мекемелер мен ұйымдарда қызмет атқаруда. Олар негізінен бұқаралық ақпарат құралдарында, білім, мәдениет және басқару мекемелерінде сарапшы, аудармашы, редактор болумен қатар, тіл және әлеуметтік коммуникация, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да жемісті еңбек етуде.

Біздің түлектер республикамыздың жоғары оқу орындары мен мектептерінде, мектепке дейінгі мекемелерінде, Шымкент қалалық білім басқармасында, БАҰО «Өрлеу» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, «Астана», «Хабар» телеарналары мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» мерзімді басылымдарында және «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телерадио кешендерінде, Шымкент қаласының түрлі мәдениет салаларымен қатар басқа да көптеген ұжымдарда абыройлы қызмет жасауда.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, оның ішінде филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы тіл мен әдебиет, аудармашы, педагог мамандарды даярлауда өздерінің еселі еңбегімен еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді. 

Мамандардың негізгі кәсіби бағыты

        Жалпы кәсіби пәндер: қазіргі қазақ тілі, қазақ және әлем әдебиетінің тарихы, шешендік өнер, тіл мәдениеті оқытылады. Таңдау бойынша біршама пәндерді  атап айтсақ,  арнайы  семинар, арнайы курс сияқты пәндерді оқыту қарастырылған.

Студенттік өмір

Кафедраның студенттері ғылыми және  қоғамдық өмірге белсене қатысады. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері, сол сияқты әдебиеттік бірлестік жұмыс істейді. Студенттік конференциялар мен студенттердің  ғылыми жұмыстарына конкурс өткізеді. Студенттердің үздік жұмыстары  мақтау  қағаздары және дипломдармен марапатталады.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі жолға қойылған. Студенттер ғылыми жұмыспен тұрақты айланысып келеді. Оқытушылардың жетекшілігінде студенттер қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері  бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Диплом жоба жұмыстарын орындайды.  Республикалық- аймақтық байқауларға және халықаралық  конференцияларға  үнемі қатысады. Студенттердің үздік жұмыстары мақтау қағаздары мен  Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталуда.

                                           


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.