Факультет туралы


 

Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Факультет деканы

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 211 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сералиева Алтынай Елубекқызы

Магистр аға оқытушы

Оқу және оқу әдістемелік жұмыс жөнінде декан орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 211 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Бердаулетова Шолпан Жаксылыковна

Магистр, оқытушы

Тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары

Байланыс мәліметтері:Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 211 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: sholpan_berБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..ru

Джунисова Айнур Абдашимовна

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Инновация және ғылыми жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары

Байланыс мәліметтері: Т.Тәжібаев көшесі, 2 (№8 ғимарат), 211 кабинет
Жұмыс телефоны: 8(7252) 36-72-26

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Мекен-жайы: Т.Тәжібаев көшесі 2, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті.

 

Телефон: (7252) 36-72-26,

/

Факультет бойынша сайтқа жауапты: Бердешова Алма Оразбековна

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жалпы мәліметтер:

Филология факультеті М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. 2015 жылдың тамыз айынан бастап факультет құрамына 5 кафедра кіреді: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Заманауи тілдер және аударматану», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Гуманитарлық мамандықтар үшін шет тілі» (жалпы білім беретін) және «Журналистика және Қазақ тілі» (жалпы білім беретін). Факультет М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң №8 оқу ғимаратында орналасқан.

Міндеті:

Факультеттің міндеті білім саласында сапалы қызмет көрсету, білім және мәдениет салаларында қызмет атқаратын жоғары білікті маман дайындау, Оңтүстік аймақ пен еліміздің инновациалық дамуына белсенді түрде ықпалын тигізу.

Бағдарламалар:

Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура.

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша мына мамандарды дайындайды:

6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті»,

6В01720 «Орыс тілі мен әдебиеті»,

6В01730 «Шет тілі: екі шет тілі»,

6В02310 «Филология: қазақ тілі»,

6В02311 «Филология: орыс тілі»,

6В02320 «Аударма ісі»,

6В02330 «Шетел филологиясы: ағылшын тілі»,

6В02331 «Шетел филологиясы: өзбек тілі»,

6В03220 - «Журналистика».

Магистратура

7М02310  «Филология: қазақ тілі»,

7M02311 «Филология: орыс тілі»,

7M023300 «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация».

Докторантура PhD

8D02310  «Филология: қазақ тілі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультеттің негізгі міндеті балабақшада, орта мектептерде, компанияларда, жергілікті, республикалық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау. Факультет бұл міндетті өз межесінде орындауда, өйткені еліміздегі ең ірі кітапханалардың бірімен, компьютерлік сыныптармен, медиатека кабинетімен, қазақ тілі және орыс тілі кабинеттерімен, лингофондық кабинетпен, аудио және видеоаппаратурамен, 2 мультимедиялық кабинет, интерактивтік тақталары және проекторларымен 6 аудитория жабдықталған.

 

Филология факультеті қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі филологиясы бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады.

Ғылыми жобалар халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

 

Студенттік өмір:

Факультет студенттері ғылыми мен қоғамдық өмірге белсенді қатысуда. Кафедраларда студенттік ғылыми ұйымдар жұмыс істеуде. «Сырлы сөз» атты әдебиеттік үйірме жұмыс істейді.

 

Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады.

 

Біздің бітірушілер:

Факультет түлектері білім беру мекемелерінің дерлік бәрінде, мерзімді басылымдарда, теледидар мен радиода, басылымдар мен шетелдік корпункттарда жұмыс істеп, республикалық және облыс газеттер мен журналдарының редакцияларын басқарады.

 

Талапкерлерге:

Құрметті талапкерлер! Университеттің ежелден келе жатқан факультетінде сіздер фундаменталды білімді келесі білім беру бағдарламалар бойынша ала-аласыздар:

6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В01720 «Орыс тілі мен әдебиеті» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В01730 «Шет тілі: екі шет тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В02310 «Филология: қазақ тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В02311 «Филология: орыс тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В02320 «Аударма ісі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В02330 «Шетел филологиясы: ағылшын тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В02331 «Шетел филологиясы: өзбек тілі» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі);

6В03220 - «Журналистика» (4 жыл – бакалаврдың академиялық дәрежесі).

Болашақ мамандардың жұмыс атқаруының негізгі салалары:

Филология саласының маманы бұқаралық мәліметтер органдарында, редакциялар мен басылымдарда, теледидар мен радиоларда, мұғалім ретінде орта мектепте жұмыс істей алады.

Сонымен қатар филолог келесідей салаларда жұмыс істей алады:

- Информациялы-шығармашылықта: әдебиет қайраткері, меншікті тілші, тілші;

- Информациялы-реферетивті: хатшы-референт, түсініктемеші, сарапшы, шолушы.

- Әдеби-көсемсөзді: очеркші, фельетоншы, көсемсөз.

- Филолог жауапты хатшы, бөлім бастығы, қоғамдық байланыс жөніндегі кеңесші жұмысын атқаруға дайын.

Мамандарда кәсіби дайындаудың негізгі бағыттары.

Жалпы профессионалды пәндерді оқыту: заманауи қазақ тілі мен орыс тілі, әлемдік әдебиет тарихы, риторика, сөйлеу мәдениеті. Арнайы пәндерді оқыту және т.б.

Арнайы курс, арнайы семинар мен мамандандыру пәндерінің жиектеуде таңдаулы пәндерді оқыту қарастырылған.

Студенттер тәжірибесі:

Факультет студенттерінің іс-тәжірибеден өту базалары мыналар болып табылады: Физика-математика Назарбаев зияткерлік мектебі, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы, С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі, Фуркат атындағы №37 орта мектебі, Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, №45 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы, Ш.Айтматов атындағы №46 мектеп-гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы, №80 мектеп-лицейі, т.б.

Оқу-ғылым және білім беру комплексі аясында кафедралар келісім-шартқа сай білім беру мекемелерімен бірігіп жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіп отырады. Атап өтер болсақ, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ОҚ облысы бойынша филиалы, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы, Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы, Фуркат атындағы №37 орта мектебі, Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, №45 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы, Ш.Айтматов атындағы №46 мектеп-гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы, т.б.

 

Факультетте жоғары дәрежелі мамандармен қамтылған 5 кафедра жұмыс істейді:

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы,

Заманауи тілдер және аударматану кафедрасы,

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы,

Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі кафедрасы,

Журналистика және Қазақ тілі кафедрасы.

Жоғарыда аталған кафедралардың кез-келгенінде дерлік заманауи білім алып, жоғары сапалы маман бола аласыздар!


Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.