2016 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР халықтарының Тілдер мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында Филология факультетінің «Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты іс-шараны университетіміздің бірінші проректоры Ж.Т.Айменов ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шарада университетіміздің барлық факультеттерінде білім алып жатқан өзге ұлт студенттері ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
powered by social2s