2016 жылдың 30 қыркүйегі халықаралық ұстаздар күні мерекесін филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасы ерекше атап өтті. Факультетіміздің бітіруші топтарының ұйымдастыруымен профессорлық- оқытушы құрамын құттықтауға арнайы әдеби бағдарлама дайындалып, шын ықыластарын білдіретін құттықтау сөздер арнады.
Сондай-ақ, өз шығармашылықтарынан ұстаздарға арналған өлең жолдарын оқыды.
Өз кезегінде сөз алған кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ж. Жұмағұлова кафедра шәкірттерінің ықыласына алғыс айта отырып, бұл атаулы мерекенің 1994 жылдан халықаралық ЮНЕСКО ұйымының бекітуімен халықаралық статус алғанын және 100 -ден аса мемлекетте атап өтілетінін жеткізді. Аталған мейрамның негізгі мақсаты елеулі жандардың еңбегіне тағзым ету деп түйіндеді.
Кафедра ұстаздары өз шәкірттеріне аз уақыттан кейін олардың да осы ұстаз есімді жанұяның мүшелері болатынын, бұл ардақты атаудың атына кір келтірмеуді тапсырды.
Мерекелік іс-шара көңілді ән-күйге жалғасты.
Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұжымы барлық аяулы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісті болуын, қажымас қайрат және зор денсаулық тілейді!