2016 жылдың 14 қазанында филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ФИ-15-2р тобының тәлімгері аға оқытушы Р.Е. Ерметованың бастамасымен топ студенттері қаламыздағы «облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына» барып қайтты. Бұл танымдық саяхаттың мақсаты 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз құрбан болған облысымыздың зиялы қауым өкілдеріне тағзым ету. Саяхат барысында жастарға елімізде зұлым жылдары орын алған әділетсіздіктер туралы және құрбан болған азаматтардың тағдырлары жайында мәлімет берілді. Аталған іс-шара жастардың көкейіне сансыз сұрақтар ұялатып, қиын-қыстау кезеңді бастан кешірген халқымыздың ерлігіне тағзым етуге тәрбиелейді.