2016 жылдың 1 қарашасында 8- ғимараттың 210- аудиториясында орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ф.ғ.к, доценті А.А. Джунисова ФИ-15-8р тобында «Ежелгі орыс мемлекетінің көне феодалдық әдебиеті» (ХІ-ХІІ ғ.ғ. екінші жартысы) тақырыбында ашық лекция сабағын өткізді.
Ашық сабақта топ студенттеріне ежелгі Ресейдің шешендік прозасы, сондай-ақ, ХІ-ХІІ ғасырлардағы орыс шежірелерінің жасалу жолдары және негізгі тақырыбы туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, білім алушылар 1037-1050 жылдары жазылған митрополит Илларионның «Құқық және Рақымдылық туралы сөз» атты алғашқы орыстың саяси трактатымен және 1113 жылы монах Нестор құрастырған «Уақытша жылдар повесімен» танысты.
Ашық сабақ заманауи педагогика және білім беру әдістемесінің талаптарына сай өткізілді. Лекция студенттерге түрлі кезең әдебиетін өз бетінше талдау қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.