10.02.2017ж. Филология факультетіне қарасты «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндерін оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер» тақырыбында ғылыми – әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға тәжірибе алмасу мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, №80 мектеп – лицейі, №24 С.Ерубаев атындағы мектеп – лицейі, А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы, №65 мектеп-гимназиясынан озық тәжірибелі педагогтар арнайы шақырылып, бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған оқыту бағдарламасының теориялық және тәжірибелік тұрғыда іске асыру мәселелері талқыланды. Семинар жұмысы теле арнаға түсірілп, жарияланды.