06 наурыз күні кафедра аға тәлімгері А.К.Мамбеталиеваның жетекшілігімен Фи 16-10к1,2,3 тобында «Сәбилік сезіммен, арнаймын сөзімді» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Қонаққа кафедра ұжымы, факультет аға тәлімгері Ш.Бердаулетова шақырылды. Өзінің ибасымен, инабаттылығымен, кең ақыл, таза жүрек, байтақ пейілді мінезімен, оймақ ауыз, жазық маңдай, сымбат тұлға, көркем келбетімен, әсем дауыс, әуезді үнімен, өзгелерді баурап, бойына батылдық пен қайсарлықты, өжеттілік пен тектілікті сіңірген қыздарыға талай жұрт тамсанып, таңдайын қаққан. Көктемнің құлпырған гүліне қыздарды теңей отырып тәрбиелік іс-шараны өткіздік.