Филология факультетінің белсенді студенттерінің бірі Əмзеева Гүлнұр Астанада өткен ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлесін қосты. Көрменің өту уақытында белсенді еріктілердің қатарында қызмет еткен бойжеткен, сонымен қатар Израиль павильонында аудармашы, стендист мамандығында жұмыс жасап қайтты. Жоғары деңгейде атқарылған жұмысына алғыс ретінде көрме ұйымдастырушыларынан алғыс хаттар алып, өзін оң қырынан көрсете білді. Көрменің арқасында көптеген шетелдік достар тапқан белсенді студент, өзінің ағылшын тілінің деңгейін көтеріп, факультетті оң қырынан көрсете білді.