2017 жылдың 6 қазан халықаралық ұстаздар күні мерекесін филология факультетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасы ерекше атап өтті. Факультетіміздің 2017-2018 ж.ж. бітіруші топтарының ұйымдастыруымен профессорлық- оқытушы құрамын құттықтауға арнайы әдеби бағдарлама дайындалып, шын ықыластарын білдіретін құттықтау сөздер арнады. Мерекелік іс-шара көңілді ән-күйге жалғасты. Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұжымы барлық аяулы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісті болуын, қажымас қайрат және зор денсаулық тілейді!
powered by social2s