2018 жылдың 5 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Төртінші өнеркәсіптік іске асыруда Қазақстан жастарының үлесі» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 21-ші Республикалық студенттік ғылыми конференция өткізілді. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясына «Филология», «Заңтану және халықаралық қатынастар» , «Педагогика және мәдениет», «Дене тәрбиесі және спорт» факультеттерінің студенттері және Ленгер қаласының «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің студенті қатысты. Жалпы 69 ғылыми баяндама қорғалды. Ғылыми баяндамаларды қорғау нәтижесінде төмендегі қатысушыларға:
ФК-2-к тобының студенті А.Орынбаеваға 1-ші дәрежелі:
ЮМ-15-1т тобының студенті Б.Джумановаға 2-ші дәрежелі:
ЮМ-17-3т тобының студенті А.Абубакировке 3-ші дәрежелі:
ФИ-15-2Р тобының студенті Ж.Сахыбековаға 3-ші дәрежелі:
Ленгер қаласы «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің студенті А.Шиналиеваға 3-ші дәрежелі дипломдар табысталды.