Ағымдағы жылдың 13-ші қарашасында Филология факультетінің Ағылшын тіл білімі кафедрасының ФИ-17 3p1 тобында «Смартфон және денсаулық» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді.Студенттер іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қарап, ауқымды әрі қызықты бағдарлама дайындады. Смартфондарға және басқа да гаджеттерге, тәуелділіктің зияны туралы көптеген көрнекілік материалдар: презентация, бейнероликтер мен кроссвордтар, психологиялық тесттер,сонымен қатар ойын ұйымдастырылып, смартфондардың артықшылықтары мен қауіптері туралы өз пікірлерін студенттер түрлі-түсті шар-тәттілерді сәйкес атауы бар стақандарға лақтыру арқылы білдірді. Осы орайда Диана Джанзакова, Лидия Глянко, Артур Османов, Диана Галустян сияқты белсенді студенттерді ерекше атап өткім келеді. Тәлімгерлік сағат өте қызықты да бір тыныспен тиімді өтті, өйткені әрбір студент бұл ақылды да алайда зияны да жетіп артылатын құрылғыларды саналы түрде қалай пайдалану керектігін түйсініп жеткізе білді.