19 қараша 2018 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының Фи-17-10к1 топ студенттерімен 424 аудиторияда «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты тақырыпта топ тәлімгері б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаеваның жетекшілігімен ашық тәлімгерлік сағат өткізілді.
Мақсаты: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» ұлттық идеясын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру. Студенттердің бойындағы патриоттық рухты дамыту,туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, тарихи озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады.Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда.