2019 жылдың 21 ақпанында №8 ғимараттың № 111 аудиториясында 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінде өткен практиканың қорытындысы бойынша есептерін қорғады. Студенттер жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны, сондай-ақ, тәжірибе барысында ағылшын тілін үйретуде қолданылатын белсенді және интербелсенді әдістер туралы тоқталып өтті. Іс-шараға «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.
powered by social2s