Көне қала – Түркістанға сапар
Түркістан Қазақ хандығының астанасы және түркітілдес халықтарының рухани және саяси орталығы ретінде белгілі болған. Түркістанға 1500 жыл. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің шедеврі және сарайлар мен ғибадатханалардың таңғажайып кешені. Көптеген тарихи апаттардан аман қалып, жақында қалпына келтірілгеннен кейін ашылған үлкен ғимараттың биіктігі 44 метр, басты күмбездің диаметрі 22 метр. Ғимарат 30 бөлме мен залдардан тұрады. Сондай-ақ, 70 км қашықтықта қасиетті сопылардың біріне арналған - XII-XX ғасырлардың әдемі тарихи ескерткіші - Арыстан-баб кесенесі орналасқан. Аңыз бойынша, Мұхаммед қайтыс болғанға дейін тәспісін Арыстан-Бабаға, ал ол 11 жасар бала - болашақ әйгілі Қожа Ахмет Яссауиге берді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ФИ 17-3к6 тобы, оқытушылар Тулегенова Ж.Ж., Құдайбергенова М.Р. және Миракбарова Г.М. бірге халқымыздың тарихы мен ежелгі мәдениетімен танысу мақсатында Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан баб кесенелерін аралады. Сонымен қатар, бірнеше студент Түркістан және басқа ескерткіштер туралы үш тілде қызықты баяндама дайындап, топты гид ретінде таныстырды.
powered by social2s