Мәнерлеп оқу сайысы "ФРАНКОФОНИЯ"

     2022 жылдың 17 наурызында Шымкенттегі Француз альянсында Франкофониялық көктем мерекесі аясында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Мирас» университетінің студенттері, сонымен қатар №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Барлығы 22 қатысушы болды. Бұл байқауда студенттер мен оқушылар 125 жылдық мерейтойы Францияда және француз тілі оқытылатын басқа елдерде кеңінен аталып өтілетін француз ақыны Луи Арагонның шығармасынан өлеңдер орындады. Қазылар алқасының құрамында француз Гаэль Баль және тәжірибелі француз тілі мұғалімдері Изаак A.И. және Сұлтанова Ж.Р.

Image
      Айта кетерлігі, жүлделі орындар үшін тартыс қызу өтті. Барлық қатысушылар табысқа жету үшін бар күштерін салды. Бірақ бұл бәсекеде және ең күштілер жеңді.
     1-орынды ФИ-20 7р тобының студенті Утебаева Диана (М.Әуезов атындағы ОҚУ) жеңіп алды, 2-орынды Жаннат Мирзахмедова («Мирас» университеті, 3-орынды студентіміз Лейла Алдияр, ФИ -20 7р тобының студенті (М. Әуезов атындағы ОҚМУ) иеленді. Үш қатысушыға да дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, ал байқау жеңімпазы Лейла Шымкент қаласының француз альянсында білім алуға 100% жеңілдік сертификатын жеңіп алды.
       Қалған қатысушылардың барлығына қатысу сертификаттары мен сыйлықтар берілді.
    Жарыс өте жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың әрқайсысының жүрегінде осы тамаша мереке туралы жағымды естеліктер қалдырды.
                                                                                                                                  Ералиева З.Ж., «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының аға  оқытушысы
Image

Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.