Жаңалықтар
Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы – Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып табылады. Бұл қағидаларға сәйкес білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруға ерекше ден қойып отыр. Осындай бағдарлама бойынша М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасынан дәйекті мысалдар келтіруімізге болады. Айталық: ФИ 11-9р, ФИ 11-10р топтарындағы Пралиева Гүлтұрсын, Алимжанова Манзура Испаниядағы Мадрид қаласының Алькала де - Энарес университетінде білім алып келді. Ендігі мақтанышымыз ФИ 13-10р тобының студенті Пачаджи Викторияда Испанияның Бельбао қаласындағы Деусто университетіне академиялық ұтқырлықпен білім алуда. Пачаджи Викторияның әлемдік білім алу кеңістігіне шығу сапары бәрімізді қуантуда. Тағылымы мол европалық білімнен зияткерлік әлеуетін дамытуда сәттілік тілеймиз!