Жаңалықтар
2016 жылдың 2 желтоқсанда «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ФИ- 15-2р тобында ҚР Тәуелсіздігіне арналған тәлімгер сағаты өтті. Іс-шара ҚР мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Топ тәлімгері Р.Е. Ерметова біздің мемлекетіміз 25 жылдық тәуелсіздік тарихында «әлемдік ұлттар жанұясының» толыққанды және жауапты мүшесіне айналғанын, қазақстанның даму стратегиясының табыстылығына дәлел болатын көптеген мүлтіксіз факторлардың көп екендігін атап өтті. Топ студенттері ҚР даму тарихы туралы баяндама тыңдады, тәуелсіздікке арналған өз шығармаларынан жыр жолдарын оқыды.