Жаңалықтар
«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті Колушкина Анастасия 3 шілде мен 28 шілде аралығында Мюнхен (Германия) қаласында DAAD бағдарламасының шәкіртақы иегері ретінде неміс тілінен (В1 деңгейі) 4 апталық интенсивті курсынан өтті. Курс барсында Колушкина А. Латвия, Америка, Судан, Польша, Испания, Италия, Япония, Қытай елдерінің студенттерімен бірге неміс тілі, саясат және заң сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, SDI (Sprachen und Dolmetscher Institut) неміс тілінде фильм көрсету, BMW-Welt, мұражайларға сапар, Dachau лагеріне, Нимфенбург (Nymphenburg), Нойшванштайн (Neuschwanstein) және Линдерхоф (Linderhof) саяхат ұйымдастырды. Колушкина А. курсты сәтті аяқтап, емтихандарды тапсыру барысында неміс тілін білетіндігін растайтын сертификатқа ие болды.
DAAD бағдарламасының арқасында, студенттер неміс тілі деңгейін жақсарту, тілдік кедергіні жою, неміс халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген ақпарат алу және әлемнің түкпір-түкпірінен көп достар табу мүмкіндіктеріне ие бола алады.