Жаңалықтар
Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру
Білімнің салтанат құруы
2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының ФИ 16-3к3 тобы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білімнің салтанат құруы» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәлімгер сағатында елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары, оның ішінде «Білімнің салтанат құруы» атты тарауы студенттер арасында кеңінен насихатталды. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді Топ студенттері Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы тақырыбын талқыға салып, тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне далелдер келтірді.