Жаңалықтар
4 курс студенттері өңдірістік педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша есептерін онлайн қорғады
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 626
2020 жылдың 4 қарашасында 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенттері (ФИ-17-3р2 тобы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мектептерінде өткен өңдірістік педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша есептерін онлайн қорғады (модератор: п.ғ.к., доцент А.С. Швайковский). Студенттер жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұны, сондай-ақ, тәжірибе барысында ағылшын тілін үйретуде қолданылатын белсенді және интербелсенді әдістер туралы тоқталып өтті. Іс-шараға «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.