«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдітемесі» кафедрасы 16 наурыз күні кафедра тәлімгерлері п.ғ.к., доцент А.Е.Мамаева, А.П.Джахаеваның жетекшілігімен ФИ 15-10к2, 3 топтарында «Әз Наурыз мейрамы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Қонаққа кафедра ұжымы, факультет аға тәлімгері Ш.Бердаулетова, факультет админстраторы А.Сералиева шақырылды. «Наурыз – қазақша жыл басы. «Наурыз қазақтардың ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артық-ша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі». Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Сондықтан, қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылым-мен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен ұйымдастыратын мейрам ету керек.