2016 жылдың 19-сәуірінде орыс тілі ме әдебиеті кафедрасы «Үш тілде білім берудің интегралды технологиясы» ашық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Семинар оқытушысы – п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Мәриям Рамазанқызы Қондыбаева. Іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларының оқытушылары, сондай-ақ, «Орыс тілі мен әдебиеті», «Филология», «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының студенттері қатысты. Семинардың соңында сертификат берілді.