2016 жылдың 24-29 қарашасы аралығында «ЖОО-ң үздік оқытушысы-2015» жобасы аясында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң филология ғылымдарының кандидаты, доценті, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ж. Ж. Жұмағұлова Қытай Халық Республикасының Дальян Шет тілдері университетінде шетелдік тағылымнан және біліктілікті жоғарылату курсынан табысты өтті, сондай-ақ аталған университеттің «Қазақстанды зерттеу орталығында» «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың инновациясы» атты тақырыпта дәріс оқыды. Соңынан Ж.Жұмағұлова сәйкес сертификаттарға ие болды.
Мұндай тағылымдардың қазақстандық білім беру жүйесінің дамуына және жетілдірілуіне айтарлықтай ықпал етері сөзсіз.