Мемлекетттік тілді дәріптеу мақсатында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қалалық конкурс өткізілді. Бұл конкурсқа «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқитын ұлты неміс Фи 13-10р тобының студенті Блок Любовь қатысып, бас жүлдені иеленді.
23 қараша 2016ж. «Панорама Шымкента» газетінің №93 санында қалалық конкурстың бас жүлдегері Л. Блоктың осы жетістігі және оның тәлімгері аға оқытушысы У.Т.Уразбакованың атына жақсы келтірілген мақала жарияланған. Өнері ерен, мемлекеттік тіліміз бен салт-дәстүріміздің қадірін асқақтатқан студентімізге бізде ризамын.