Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ұйымдастыруымен Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі – 2016 қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология факультетіндегі «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасында дайындалатын 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары 1-ші орын Сертификаттарын иеленді. Осы жетістік кафедраның ерен еңбегінің жемісі. Жас ұрпаққа үлгілі тәрбие мен терең білім беруде кафедрамыз әлі де талай жетістіктерге жетері сөзсіз.