Ағылшын тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Карбозова Гульнара Кумисбековна және кафедра доценті Жумагулова Гульшат Копжановна 2017 жылы 27 қазан айында Астана қаласында Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы және оның қолданысының әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі» атты халықаралық ғылыми форумына қатысты. Олар баяндама жасап, Латын графикасына өту үшін әдістемелік базаны дайындау мәселесін талқылады. Іс-шара ҚазАқпарат жаңалықтарында жарияланды.
powered by social2s