2017 жылдың 28-інші қарашасында «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен және сонау Ресейдің Сочи қаласынан келген қонақ Сластухина Ольга Ивановнаның қатысуымен «Современные, педагогические технологии в условиях компетентностного подхода к освоению образовательных программ» деген тақырыпта семинар өтті. Семинар барысында Ресей Федерациясынан арнайы келген қонақ Сластухина Ольга Ивановна «Методическое владение специальными знаниями о компетентностном подходе к реализации образовательных программ» деген тақырыпта баяндама жасады. Осы ретте шетелден келген қонақ «Филология» факультетінің ұстаздары мен студенттері тарапынан қойылған көптеген түйткілді сұрақтарға ықыласпен жауап беру арқылы көрермен назарын өзінен бір сәтке айырмады. Семинар соңына қарай, М. Әуезов атындағы ОҚМУ мен СCБжҚИ арасында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Тағы бір айта кететін жайт, семинар кезінде «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ф.ғ.к., доцент оқытушылары Жумагулова Ж. Ж., Ахметжанова Г. А., Миятбекова З. У. және аға оқытушылар Бекпатша Г. Ж. мен Шинасилова М. Ж. сертификат тапсырылды.