2018 жылы 28 қарашада Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 75 жылдық мерейтой аясында «Мұхтартану» ғылыми зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына: Білім және ғылым министірі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қатысты. Орталықтың ашылуына Филология факультеті мен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы атсалысты. Әсіресе факультет деканы Болат Тілеубердиев, кафедра меңгерушісі Нұрлыбек Омаров, доцент Ақжол Қалшабек белсенділік танытты.
«Мұхтартану» ғылыми-зрттеу орталығын ашу барысында ф.ғ.к. доцент., А.Б Қалшабеков Алматы қаласына барып, Мұхтар Әуезовтың ұлы, қоғам қараткері асылдың сынығы Мұрат Әуезовпен сұхбаттасып қайтты. Әуезовтың өмірі мен шығармаларына қатысты 30 ға жуық құнды кітаптар алып келді.