29 қарашада 2018 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының Фи 17-9к топ студенттерімен 425 аудиторияда «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң!» тақырыбында топ тәлімгері М.М.Тогатайдың жетекшілігімен ашық тәлімгер сағаты өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты: Cтуденттерді құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру, заңдарды талдай отырып, өмірде қолдана білуге үйрету.
Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат.Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау әрбір азаматтың міндеті мен парызы болуы тиіс. Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.