Менің тағдырым – менің тартуым

Менің тағдырым – менің тартуым

     «Заманауи тілдер және аударма ісі» кафедрасының базасында кафедраның ең ынталы студенттері арасынан ұйымдастырылған француз тілі клубымыз 2-ші семестрде жұмысын жалғастыруда. Әр дүйсенбі сайын біздің кафедра студенттері Шымкенттегі француз альянсында Франциядан келген стажер  Виктор Гомаризбен сөйлесу клубына қатысуға мүмкіндік алады, онда олар Францияның мәдениетімен, тарихымен және өмірімен танысады. Мәселен, бұл жолы Виктор студенттерге француз асханасының ерекшеліктері, танымал француз тағамдары, француз тағамдарының мәдениеті туралы айтып берді.
       Біз жоспарлағандай, Шымкент француз альянсы өткізетін іс-шараларға белсене қатысамыз. 3-ақпанда Мунира .Артықбаевамен «Mon destin est ma récompense» – «Менің тағдырым – менің тартуым» тақырыбында бейнеконференция өтті.  Ол қазіргі таңда «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры, еңбек сіңірген дипломат, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ардагері, Францияның Құрмет легионының және «Құрмет» орденінің кавалері. Студенттер оның өмір жолы туралы әңгімесін шынайы қызығушылықпен тыңдады. Мунира бала кезінен ең болмағанда еліміздің Премьер-министрі болуды мақсат етті. Бұл арман оны баурап алғаны сонша, ол өзінің болашақ мансабы туралы жиі түсінде көретін. Дәл осы арман оны өмірде жетелеп жүрді және ол бүгінгі тұлғаға айналды, Мунира ханым премьер-министр, сыртқы істер министрі болмаса да, осы салада 30 жылдан астам қызмет еткенін, Қазақстан делегациясының құрамында ҚР алғашқы Президенті Н.Назарбаевпен және қазіргі Президенті Қ.-Ж. Тоқаевпен, сонымен қатар Франция Президенттері Ж.Ширакпен, Н.Саркозимен, Ф.Олландпен, Э.Макронмен кездесті. Қадірлі қонақ өз сөзінде «Мен Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директорының міндетін атқарушы ретінде ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевпен және әлемге танымал әнші Д.Құдайбергенмен бірге біздің делегацияның 
құрметіне өткізілген мемлекеттік қабылдауға қатыстым» деді. Сондай-ақ ол студенттерімізге алдына мақсат , жоғары талаптар қоюға   кеңес берді. Бұл өз Отаның , өз игілігің үшін жасалған орасан да лайықты еңбек.  Бұл кездесу біздің студенттер үшін үлкен мотивация болды.

Ералиева З.Ж. – «Заманауи тілдер және

аударматану» кафедрасының аға оқытушысы

 

Image
Image
Image

Күнтізбе

Ақпан 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.