Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң!

    29 қарашада 2018 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту  теориясы мен әдістемесі» кафедрасының  Фи 17-9к топ студенттерімен 425 аудиторияда «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң!» тақырыбында топ тәлімгері М.М.Тогатайдың жетекшілігімен ашық тәлімгер сағаты өткізілді. 

Ашық сабақтың мақсаты: Cтуденттерді құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру, заңдарды талдай отырып, өмірде қолдана білуге үйрету.

Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат.Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау әрбір азаматтың міндеті мен парызы болуы тиіс. Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.