Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі

   

 

     Кафедра  меңгерушісі

     Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы

    Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: Т.Тәжібаев көшесі, 2  (№8 ғимарат), М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Филология   факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы.

Телефон: 8(7252) 36-71-93

Модератор: Умирзахова Г.А.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Филология факультеті«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталды.1997-2000 жылдар аралығында кафедраны филол.ғ.к., профессор Қ.Молдабек басқарды.

2001 жылы кафедра екіге бөлінді: «Бастауыш мектептің жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Л.Т.Ысқақова) кафедрасы және «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі филол.ғ.к.,профессор Қ.Молдабек). 2003-2005 жылдар аралығында «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі»кафедрасына п.ғ.д., профессор А.Б.Абибуллаева басшылық етті. 2007 жылы екі кафедра бірігіп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды.Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д., профессор Л.Т.Ысқақова атқарды. 2012-2017жылдар аралығында кафедраны 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаева  басқарды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап кафедраны ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Қ.М.Уразбаев басқаруда.

Кафедра тарихында ЖОО-ң «Үздік оқытушы» грантының жеңімпаздары С.М.Сихимбаева, Л.Т. Искакова, Г.О.Жетпісбаеваны атап өтуге болады.Кафедрада кәсіби деңгейлі профессор оқытушылар мен жоғары білікті  мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Елбасының  үш тілді саясаты бойынша кафедрада үш тілділік топтар ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар кафедра ұжымы «Отандық мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің вариативтілігі» атты өзекті мәселелер бойынша түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Кафедраның  доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты  Г.Жетпісбаеваның

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»төс белгісімен марапатталу сәті

2014-2015 оқу жылы наурыз айының 18-19-нда Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізілетін ҮІІ республикалық пәндік олимпиадада «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  «Бағдаршам» командасы ІІІ орынды иеленді.

«Бағдаршам» командасының жеңімпаздарын марапаттауда (2014-2015ж.)

2015-2016 оқужылындареспубликалықпәндіколимпиадада 5В010100-«Мектепке дейінгіоқытужәнетәрбиелеу» мамандығыбойынша «Күншуақ» командасы 1-орын, 5В010200-«Бастауыш оқытупедагогикасы мен әдістемесі» мамандығыбойынша «Болашақ» командасы 3-орын иеленді.

Университет ректоры Ж.Ү. Мырхалықов және факультет деканы Б.М.Тілеубердиев «Күншуақ» командасының жеңімпаздарын құттықтауда (2015-2016ж).

Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедраның толық штат саны -20, оның 8-і ғылым кандидаты, 8-і доцент, 5-еуі аға оқытушы.Кафедра құрамындағы профессор-оқытушылар өз ісінің шебері,«ЖОО орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегерлері тәрбие мен білімді ұштастыра білген ұстаздар қызмет етеді.

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі  қорытындысы бойынша үш жыл қатарынан  І орынды иеленіп келеді.Ұлттық аккредитация орталығы ұйымдастырған рейтинг бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат мамандықтары Республикамызда І орынды иеленген.

Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы

Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.

Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын  атқаруда. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысады.

 

Сонымен қатар кафедра тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық – ғасыріндеті», «Табиғатты аялайық», «Жаны саудың – тәнісау», «Діні қуатты елдіңіргесіберік», «Жастаржәнедін» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өтіледі. Тәрбие сағаттарының мақсаты студенттердің бойына  салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, нашақорлықтың алдын алу, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

ФИ -16-10к3 тобының студенті Оралбай Жанна 2016 жылы қазан айында Талдықорған каласында Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жастар.чемпионатында 3 орын иеленді

Жалпы           кафедрадағы  жоспар          бойынша        бекітілген      іс-шаралар  уақытында өтіліп тұрады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік,патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар  бойынша презентация жасалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 90-жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға зиялы қауымдармен бірлесе отырып,М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінің ректоры Д.П.Қожамжарова және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Оразбаев өз үлестерін қосты.

 

Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет

Кафедра бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру жоспары құрылған. Кафедрада ОПҚ жоспарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарын шетел және республикалық ЖОО, «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру орталығында білімдерін жетілдіру жоспарланған.

Студенттердіңпедагогикалық  іс-тәжірибесі

Студенттердің теориялық білімдерін іс-жүзінде шыңдау үшін қаладағы озық, тәжірибелі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелермен келісімшартқа тұрып, сол мектептер мен бала-бақшаларда педагогикалық іс-тәжірибелер өткізіледі.

2018-2019 оқу жылында келісімшартқа тұрған іс-тәжірибе базалары: 5В010100- «Мектепкедейінгіоқытужәне тәрбиелеу» мамандығы №82 «Еркемай» бөбекжай балабақшасы, №20«Қазына», №45«Аққу», №69«Еркебұлан» балабақшалары, ал 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейіне,  №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейі,  А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназиясы.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2016-2017 оқу жылында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Н.Токкулиева Рига қаласы, Латвия университетінде «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді қамтамасыз ету» жөніндегі бағдарламасымен оқуға жіберілді.Аталған мамандықтың студенті В.Пачаджи Деусто (Испания) университетінде оқыды.

Талапкерге!

Құрметті, талапкер! Университеттің алдыңғы қатарлы мамандықтарының бірі 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бойынша сапалы білім алуға кепілдік беріп, жарқын болашақты сілтейді.

5B010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Оқумерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры

Бітірушілердің қызмет ету саласы: Мектепке дейінгі мекемелерде меңгерушісі,тәрбиеші, әдіскер, тәрбиешінің көмекшісі қызметтерін атқара алады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесіболыптабылады.

5B010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры

Бітірушілердің қызмет ету саласы: Бастауыш сынып мұғалімі, тәрбиеші, әдіскер,кіші ғылыми маман қызметтерін атқара алады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесі болып табылады.

5В010100 «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітіруші түлектері туралы мәлімет

5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітіруші түлектері туралы мәлімет

 

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.