Талапкерге

Филология факультетінің тарихы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан жоғары

оқу орындарының қайта құрылу нәтижесінде негізі қаланған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінен бастау алады. 1998 жылдан бері филология факультеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің іргелі факультеттерінің бірі болып табылады.

1998 жылдан бері факультетті Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы басқарып келді. Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Қазақстан Республикасы білім беру үздігі (2000 ж.), ҚР білімінің құрметті қызметкері (2008 ж.), ғылыми жұмыс және тәрбие, оқу ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдық мерей той медаліне иегері (2011 ж.). Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы – Республикадағы ономастика саласындағы белді маманы, Тілдерді дамытуды басқару орталығының облыстық ономастика комиссия мүшесі. 2012 жылы қорытындысы бойынша Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты берілді.

Облыстағы және республикадағы ең үздік ғалымдардан құралған шығармашылық ұжым ғылыми педагогикалық бағытта жас мамандарды дайындауда жоғары дәрежеде қызмет етеді. Факультетте тіл білімі, лингвистика және әдебиет салаларында ғылым докторлары, профессорлар қызмет атқарады. Олар: М. Мырзахметұлы, Б.М. Тілеубердиев, А.Е. Құлымбетова, сондай-ақ 50-ден астам ғылым кандидаты мен доценттер бар. Факультеттің үш оқытушысы - ф.ғ.д., профессор Б.М. Тілеубердиев, ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жумагулова, ф.ғ.к., доцент Н.Қ. Омаров «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болып табылады.

2015-2016 оқу жылының нәтижелері бойынша филология факультеті «М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің үздік факультеті», «Заманауи  тілдер және аударматану» кафедрасы «ОҚУ-дің үздік кафедрасы», «Журналистика және Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі Л.К.Тұрабаева «ОҚУ-дің үздік доценті» атанды.

2016-2017 оқу жылында «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы «М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің үздік кафедрасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Я.Х.Мадалиев «ОҚУ-дің үздік аға оқытушысы» атанды; 6В02330 «Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы 5-ші орынға ие болды.

Факультет көп жылдар бойы ғылым және білім саласында алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен, ғылыми зерттеу институттарымен тығыз байланыс жасауда (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Испания, Германия, Түркия, Жапония, Польша, Чехия, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния және т.б.).

Болашақ бағдарламасының аясында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Карбозова RCEAL Кембридж университетінде, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Жумагулова, оқытушы М. Қалдыбекқызы Монтре Бизнес мектебінде (Швейцария) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Г.К. Карбозова Erasmus+ (Teaching Staff Mobility) бағдарламасы бойынша Испанияның Кадис университетінде дәріс оқыды. Сонымен бірге, Гёте-Институты гранты бойынша Мюнхен қаласында (Германия) тағылымдамадан өтті. 2016 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ф.ғ.к., доцент Ж.Ж. Жұмағұлова Қытай Халық Республикасының Дальян Шет тілдері университетінде дәріс оқыды.

2016 жылы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 6В01730 «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы командасы ІІІ орынды, ҚазҰПУ-да өткен Республикалық пәндік олимпиадасында 6В01720 «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы командасы ІІІ орынды, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Республикалық пәндік олимпиадасында 6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы командасы «Үздік ой-талқы» номинациясын иеленді.

Факультетте әр оқу жылында жақын және алыс шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарынан лекция оқу мен шеберлік сыныптарын жүргізу үшін танымал ғалымдар шақырылады. Факультетте шет тілі пәні бойынша: Джозеф Перри, Элис Лобью, Сэнди Марсия Стрингфелоу, Пеня Элизабет Виани (ағылшын тілі), Сересо Монтойя Давид, Санчес Асун Рут Сара, Валладарес Лопез Сатурнино (испан тілі), Юрген Вернер Вольфганг Асмус (неміс тілі) сынды ғалымдар дәріс оқыды.

Сонымен қатар факультетте Калифорния Штаты университетінің профессоры Нэйсон Т. Карр ағылшын тілі, Синцьзян қаржы және экономика университетінің іскерлік әкімдеу магистрі (МВА) Луань Синьжун қытай тілі бойынша дәріс оқиды.

Қәзіргі таңда факультет деканы Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы - «ҚР ЖОО үздік оқытушысы-2015» грантының иегері, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының «Үздік мақала» номинациясы жеңімпазы (2018ж.), «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының ІІІ орын иегері (2018ж.), «Білім беру ісінің үздік педагогы-2020» республикалық байқауының жеңімпазы болып табылады.

3. Факультеттің мамандықтары:

Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 3 деңгейде дайындайды: бакалавриат - магистратура - РhD докторантура.

 

«Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасы:

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем ақысы

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оку нысаны

 

1.       

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

6В01710 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

4 жыл

3 жыл

1.Қазақ тілі

2. Қазақ әдебиеті

1.Қазақ тілі

2. Қазақ әдебиеті

550.000

 

2.       

6В023 Тілдер және әдебиет

6В02310 – «Филология:қазақ тілі»

4 жыл

3 жыл

1.Қазақ тілі

2. Қазақ әдебиеті

1.Қазақ тілі

2. Қазақ әдебиеті

550.000

 

3.       

6В023 Тілдер және әдебиет

6В02331 – «Шетел филологиясы:өзбек тілі»

4 жыл

3 жыл

1.Ағылшын тілі

1.Ағылшын тілі

550.000

 

4.       

М060

7M02310-Филология

2 жыл

2 жыл

1.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

2.Қазіргі қазақ әдебиеті

 

 

660.000

 

5.       

D060-Филология

8D02310-Филология

3 жыл

3 жыл

 

 

1.200000

 

 

Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

 

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

1

6В01710 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

-білім беру;

-оқыту-тәрбиелеу;

-ғылыми-зертеушілік;

 

6В02310 – «Филология:қазақ тілі»

-филолгия,тіл білімі және әдебиеттану;

-қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;

-бұқаралық қарым-қатынас саласы;

2

6В02331 – «Шетел филологиясы:өзбек тілі»

--жалпы білім беру ұйымдарында,білім беру мекемелері мен орталықтарда оқвтушыларда білім алуы және дамуы;

-өзбек тілі мен әдебиетін оқыту;

-филология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

3

7M02310-Филология

- білім беру мекемелерінде филологиялық пәндерді оқыту;

- филология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- мекемелерде мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу;

- аудармаларды жүзеге асыру;

- сөз мәдениетіне қатысты тренингтер жүргізу;

- келіссөздер жүргізу бойынша мастер-класстар өткізу;

- соттық-лингвистикалық сараптамалар жүргізу.

4

8D02310-Филология

- жоғары, кәсіптік-гуманитарлық оқу орындарындағы білім беру қызметі;

- педагогикалық, ғылыми-зерттеу оқу орындарындағы ғылыми және басқару қызметі;

- ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелеріндегі, қалалық және облыстық деңгейдегі білім беру бөлімдеріндегі басқару қызметі

 

 

«Замануи тілдер және аударма ісі» кафедрасы

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем ақысы

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оку нысаны

 

1

В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау

6В01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі»

4 жыл

3 жыл

Ағылшын тілі-Дүние жүзі тарихы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

550.000

 

2

6В036 - Аударма ісі

6В02320 «Аударма ісі»

4 жыл

3 жыл

Ағылшын тілі- жаратылыстану

Аудармашы

550.000

 

3

В036 – Аударма ісі

6В02330 «Шетел филологиясы»

4 жыл

3 жыл

Ағылшын тілі-Дүние жүзі тарихы

Аудармашы

550.000

 

4

7М023 Тілдер және әдебиет

7М02330 - «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық қарым-қатынас»

2 жыл

2 жыл

Жалпы тіл білімі- Лингвистика ілімінің даму тарихы

«7М02330 – Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша филология магистрі

660.000

 

 

Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

 

1

6В01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі»

 

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері үздіксіз және сабақтас шет тілді білім беретін оқу ұйымдары болып табылады:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру;

- бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;

- мамандандырылған мектеп;

- орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

2

6В02320 «Аударма ісі»

Әкімшілік басқару саласы; мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы; халықаралық қатынастар саласы; баспа индустриясы; БАҚ қолдану; ақпараттық талдау аясы;

3

6В02330 «Шетел филологиясы»

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері:

•      газеттер мен журналдардың редакциялары, радио және теледидар, баспалар;

•      мамандандырылған ғылыми ұйымдар, кітапханалар;

•      гуманитарлық бағыттағы орта білім (гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік және орта кәсіптік (колледж) оқу орындары;

мамандық бейініне сәйкес орнатуға болатын басқа объектілер.

4

7М02330 - «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық қарым-қатынас»

Кәсіби қызмет саласы білім және ғылым саласы; әкімшілік-басқару саласы; мәдениетаралық коммуникация және халықаралық байланыстар саласы; баспа ісі саласы; бұқаралық ақпарат құралдары саласы; ақпараттық-талдау саласы болып табылады.

 

«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем ақысы

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оку нысаны

 

1

6В042-Журналистика және репортерлік

6В03220-Журналистика

4 жыл

-

Шығармашылық емтихан

-

550.000

 

Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

 

1

6В03220-Журналистика

Баспа, газет, журнал, телевизия, радио және т.б.

 

«Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасы

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем

ақысы

 

Толық оқу

нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған

оқу нысаны

 

1

В017 –   Орыс тілі мен әдебиеті бойынша педагогтар даярлау

6В01720 – Орыс тілі мен әдебиеті

 

4 жыл

3 жыл

Орыс тілі- Орыс әдебиеті

Педагогика және психология негіздері/ Орыс тілі

550 000

 

2

В037 – Филология

 

6В02311 – Филология: орыс тілі

 

4 жыл

 

Орыс тілі- Орыс әдебиеті

 

550 000

 

3

М057-Лингвистика

7М02088- Медиа лингвистика және редакторлық іс

2 жыл

 

 

 

660 000

 

4

М060-Филология

7М02311-Филология:руский язык

2 жыл

 

 

 

660 000

 

5

М060-Филология

7М02309- Орыс филологиясы

2жыл

 

 

 

660 000

 

Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы

 

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

1

6В01720 – Орыс тілі мен әдебиеті

«6В01720 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы  бойынша білім беру саласындағы бакалавр дәрежесі беріледі.

2

6В02311 – Филология: орыс тілі

 

«6В02311-Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры дәрежесі беріледі.

3

7М02088- Медиа лингвистика және редакторлық іс

«7М02088 (1) – Медиалингвистика және редакторлық іс» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі  дәрежесі  беріледі.

4

7М02311-Филология:руский язык

«7М02311 – Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

5

7М02309- Орыс филологиясы

«7М02309 – Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі  дәрежесі  беріледі.

 

  1. Академиялық ұтқырлық
01.09.2023 бастап 27.01.2024 дейінгі кезең
6В02320-өтпелі бағдарлама мамандығының 2 курс студенттері Сайдахметов Носила мен Асанова Жания Польшадағы Лодзь Университетінде білім алды.
Студенттер "Кино мәдениеті"," жаңа медиа және жарнама тілі"," Практикалық ағылшын тілі-интеграцияланған дағдылар"," Медиа жеңілдік"," тәжірибедегі Радио"," Жаңа медиа әңгімелеу","практикалық грамматика"пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты.".
 
 

 

 

  1. Оқу өндірістік кешендер

      М.Әуезов атындағы ОҚУ Филология факультетінің 6В01710 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01720 «Орыс тілі мен әдебиеті», 6B01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 6В02310 «Филология: қазақ тілі», 6В02331 «Шетел филологиясы: өзбек тілі», 6В02311 «Филология: орыс тілі», 6В02320 «Аударма ісі», 6В03220 «Журналистика» БББ студенттері оқу практикасын университет базасында, сонымен қатар  6В03220 «Журналистика» БББ (жеделдетілген) Қазақстан РТРК АҚ Шымкент филиалы «Оңтүстік» телеарнасында өтеді. Өндірістік-педагогикалық, дипломалды практикаларын А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында; А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде; «Зерде» жалпы орта мектебінде; №30 орта мектепте; №80 IT мектеп-лицейде; .С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда; А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда; Қ.Спатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейде; №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатта; ЖШС «Cambridge Line» мектеп-лицейінде; С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінде; З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейде; Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда; №60 жалпы орта білім беретін мектепте; О.А.Жолдасбеков атындағы №9 IТмектеп-лицейде; Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы және де 6В03220 «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша Қазакстан РТРК АҚ Шымкент филиалы «Оңтүстік» телеарнасына; «Оңтүстік Қазақстан» газетінде; «Шымкент келбеті» газетінде; «НАN-ТV» телеарнасы секілді практика базаларында өтеді.

 

7. Студенттер үйі

8. Студенттерді әлеуметтік қолдау

1

Университет гранттары

2

Мектеп оқушылары арасындағы қалалық және облыстық олимпиада жеңімпаздарына грант

3

Университет намысын қорғайтын спортшы студенттерге (Универсиада, олимпиада, Әлем чемпионаты) жеңімпаздарына жеңілдіктер

4

Облыс, қала университеттің қоғамдық саяси жұмыстарына және қоғамдық өміріне тұрақты қатысатын белсенді студенттерге жеңілдіктер

5

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұл жетім студенттерге және балалар үйінің тәрбиеленушылеріне жеңілдіктер

6

І,ІІ,ІІІ топ мүгедектігі бар немесе ата- аналарының бірі осы топтағы мүгедектігі бар студенттерге арналған жеңілдіктер

7

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да бір отбасыдан бір мезетте екі немесе одан көп оқитын студенттерге арналған жеңілдіктер

8

Атаулы өндірістік гранттар

9

Тіл курстары

10

Шығармашылық үйірмелер

 

 

9. Жоғары мектеп/факультет жетістігі

     М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филология факультеті Журналистика мамандығының 2 курс студенті Сейтжан Қасиет Байдуллаұлы 2024 жылдың 26 сәуір күні Астана қаласында өткен "Қазақстан Республикасының Үздік студенті" форумына қатысып "ҚР Үздік студенті" статуеткасы және төсбелгімен маратталды.
   Қазақстанның Стамбулдағы Бас Консулдығы және Қазақстан Сыртқы Істер министрлігі Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағанбетовтің 100 жыл толуына орай өткізілген ғылыми-практикалық конференцияға журналистика мамандығының 2 курс студенті Қыналы Ақниет қатысып,алғыс хатпен марапатталды.
     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс” атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Баратова Диана Қуанышбекқызы

 

 

10. Қызықты студенттік өмір

 

 

www.instagram.com/auezov_talapker


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.