Факультеттің оқу кестесіне сәйкес 2017 жылдың 23.01-13.03. аралығында IV курсФИ 13-8р және ФИ 13-2р топтарының студенттері Шымкент қаласының №28 ЖОМ және №1 А.С. Пушкин атындағы лицейінде мамандық бойынша педагогикалық іс-тәжірибесінен табысты өтті. Іс-тәжірибеден өту барысында студенттер өздерінің барлық алған теориялық білімдерін сабақтарда жан-жақты қолдана білді, оған № 28 орта мектебі басшылығының А. Мартиросянға, К. Аскароваға жоғары дайындығы және орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізгені үшін ұсынған алғыс хаттары дәлел бола алады.
powered by social2s